
Соңғы онжылдықта Қазақстан экономикасына 222,4 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция (ШТИ) тартылды. Алайда, жаһандық нарықтағы бәсекелестіктің артуы мен геосаяси жағдайдың өзгеруі билікті инвестициялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлеп отыр.
Үкімет 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тарту міндетін қойған.
Мұнай секторынан инвесторлар шығуда
2025 жылы ШТИ көлемінің төмендеуіне тау-кен секторына, оның ішінде ұзақ жылдар бойы елге шетел капиталын тартудағы негізгі драйвері болып келген – мұнай-газ саласына бағытталатын инвестициялардың қысқаруы себеп болды.
Мәселен, 2025 жылы тау-кен өнеркәсібіндені шетел инвесициясы 6,5 млрд долларға кеміді. Соның ішінде шикі мұнай мен газ өндіру саласынан 6,3 млрд доллар шығарылды.
Бұл ірі мұнай жобалар, соның ішінде Теңіз кен орнындағы Келешектегі кеңейту жобасының (ККЖ) аяқталуы және шетелдік инвесторлардың пайданы алып, оны сыртқа әкету фазасына өтуімен байланысты.
Тау-кен өнеркәсібіндегі ШТИ-дің жылыстауы құрылыс секторына да тиісті әсерін тигізді, бұл саладағы капиталдың жылыстауы 0,3 млрд доллар деңгейінде қалыптасты.
Бұған дейін Kursiv Media инвесторлар қай өңірге қаржы құйып жатқанын жазған.