Ресейлік әнші Дима Билан Алматы мен Астанада концерт бермек

Жарияланды 28 Сәуір 2026 12:50

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: ашық дереккөз

«Еуровидение» жеңімпазы, миллиондаған тыңдарманның сүйікті әншісі Дима Билан Қазақстанда концерт береді. Ресейлік әншінің концерті қараша айында өтпек.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ауқымды шоу екі қалада өтеді. 20 қараша күні Алматы қаласындағы Almaty Arena алаңында. 22 қараша күні Астана қаласы, «Барыс Аренада» өтпек.

Билеттерді алдын ала брондауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта билеттер Ticketon.kz сайтында және Freedom SuperApp қолданбасында ресми түрде сатылымға шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін украиналық әнші Светлана Лобода Алматыда концерт беріп, алматылықтардың үйінен дәм татқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз