Жузефина Дархан Жолшыбеков пен Daricorn-ға қатысты шындықты жайып салды

Жарияланды 28 Сәуір 2026 09:19

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Блогер Жұлдыз Жауынбаева Анна Данченкоға сұхбат берді/фото: видеодан скриншот

Желіде Жузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева Анна Данченкоға берген сұхбатында Дархан Жолшыбеков пен оның жұбайы Дариғаға (Daricorn) қатысты даулы мәлімдеме жасады. Блогердің айтуынша, қолында Дарханның отбасылық беделіне нұқсан келтіретін бұлтартпас дәлелдер бар.

«Барлық скриншот қолымда»

Сұхбат барысында Жұлдыз Дархан Жолшыбековтің тарапынан болған әдепсіз әрекеттерді растайтын жазбалар мен суреттер (скриншоттардың) бар екенін ашық айтты. Алайда блогер ақпаратты Дарханды қорқыту немесе «шантаж» жасау үшін пайдаланбағанын жеткізді.

«Менің ешқандай шантаж жасау ойым болған жоқ. Мен жай ғана өкпеледім. Мен Дариғаға өкпеледім. Өйткені мен Даридің қамын ойлап, аманат сақтап отырдым. Мен ол адамды (Дарханды) тоқтаттым», – деді Жұлдыз Жауынбаева.

Жузефинаның айтуынша, Дархан Жолшыбеков оған түн ортасында хабарласып, әдепсіз ұсыныстар жасаған. Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.

Көпшілік «мінсіз отбасы» бейнесін қалыптастырған блогерлердің шынайы өміріне күмәнмен қарай бастады.

Дариға мен Дархан ажырасты ма?

Қазір ерлі-зайыпты блогерлер жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Инстаграм желісінде Дархан Жолшыбеков барлық фотасын өшіріп тастады.

Айта кетейік, бұған дейін Дархан Жолшыбеков ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың сотына куә ретінде жауап берді

Сондай-ақ оқыңыз