Мұнай бағасы шарықтады: CPC blend 125 долларға көтерілді

Жарияланды 29 Сәуір 2026 10:19

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

АҚШ пен Иран арасындағы жанжал және мұнай бағасы
фото: shutterstock

Әлемдік мұнай нарығында бағаның секіруі байқалуда. 29 сәуірде OIL price мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандық мұнайдың негізгі маркасы мен әлемдік эталондық брендтер айтарлықтай қымбаттаған. CPC Blend (Қазақстан): Баға 1,57%-ға өсіп, барреліне $124,77 құрады. Brent (Эталон): Барреліне $111,07 деңгейіне жетіп, бір күнде 2,59%-ға өсті. Brent маркалы мұнайы небәрі бір аптаның ішінде 17,09%-ға қымбаттаған. Бұл соңғы уақыттағы ең жоғары өсім көрсеткіштерінің бірі.

Қазақстан мұнай маркасы / CPC blend

Бағаның өсуіне не әсер етті?

Сарапшылар мұнай бағасының мұндай қарқынмен өсуін екі негізгі себеппен байланыстырады:
АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушілік: Тегеран мен Вашингтон арасындағы ядролық келісімге қатысты келіссөздердің тығырыққа тірелуі нарыққа үлкен салмақ салып отыр. Иран мұнайының әлемдік нарыққа толық көлемде оралуы туралы үміттің азаюы ұсыныстың тапшылығына әкелуде. Атап айтқанда, Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік мәселелері мен санкциялардың сақталуы трейдерлердің алаңдаушылығын тудырды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК-тен шығу мүмкіндігі: Нарықта БАӘ-нің ОПЕК (және ОПЕК+) құрамынан шығуы туралы тараған ақпарат нағыз күтпеген жағдай болды. Әмірліктердің өз өндірістік қуаттылығын дербес арттырғысы келуі және квоталық шектеулерден босауға ұмтылысы ұйым ішіндегі тұрақсыздықтың белгісі ретінде қабылданды. Бұл халықаралық мұнай альянсының болашағына күмән келтіріп, бағаның құбылмалылығын арттырды.

Сондай-ақ оқыңыз