
«Отбасы банк» мамырдағы мерекелерге байланысты қаражаттың шотқа түсуі кешігуі мүмкін екенін хабарлады.
Депозиттерді толықтыру және несиелерді өтеу операциялары бойынша ақшаның шотқа түсу мерзімдері өзгереді.
30 сәуір, 1 және 2 мамыр күндері сағат 21:10-ға дейін жасалған төлемдер сол күні – 30 сәуірде есепке алынады.
Алайда 2 мамыр сағат 21:10-нан кейін жасалған аударымдар, сондай-ақ 3 мамырдағы барлық төлемдер тек 4 мамырда түседі.
7 мамырдағы төлемдер 8 мамырда түседі. Ал 8 мамыр сағат 21:30-ға дейінгі аударымдар 9 мамырда есепке алынады. 9-ы сағат 21:30-дан кейінгі, сондай-ақ 10 және 11 мамырдағы төлемдер тек 12 мамырда түседі.
Яғни мереке күндері кейбір банктік операциялар келесі жұмыс күндеріне ауыстырылып отырады.
Еске салайық, Энергетика министрлігі сала мамандары үшін арнайы жеңілдетілген ипотека ашылатынын айтты. Ипотека «Отбасы банктің» «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде берілмек.