Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда бостандықта жүр

Жарияланды 30 Сәуір 2026 21:00

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда бостандықта жүр / Фото: Instagram

13 сәуірде Вьетнамда ұсталған белгілі қазақстандық блогер Қайсар Қамза бостандыққа жүр. Ол өзінің желідегі парақшасына видео жариялады.

«Ағайындар. Көрінбейсіңдер ғой, жоқ болып кеттіңдер ғой. Жақында Қазақстанға барып қаламын. Вьетнамда Нячангта жүрмін. Экстрадицияға қатысты сот болып жатыр. Соны күтіп жатырмын», – деді ол.

Айтуынша, оны қамауға алмаған, тек экстрадиция бойынша сот басталған. Әзірге иммиграциялық полиция паспортын алып қойған.

«Бәрі реттеліп кетсін деп, дұғада болыңыздар. Жақсы күндерде кездескенше, ешнәрсе етпейді. Ер адамның басына не келіп, не кетпейді», – деді ол.

Қазақстан Бас прокуратурасының Kursiv.Media-ға жолдаған ақпаратына сүйенсек, Вьетнам мен Қазақстан арасындағы экстрадициялық келісімге сәйкес, блогерді ұстау немесе қайтару мәселесі Вьетнам заңнамасына сәйкес шешіледі.

Айта кетейік, осыған дейін интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазған едік. 2025 жылы Туризм және спорт министрлігі Қамзаны заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын өткізген құқық бұзушылар тізіміне қосқан еді. Сол кезде оған 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз