Астанада велоспорттан халықаралық турнир өтеді

Жарияланды 4 Мамыр 2026 19:58

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Астанада велоспорттан халықаралық турнир өтеді / Фото: ҰОК

Елорда төріндегі «Сарыарқа» велотрегінде 15-17 мамыр аралығында велоспорттан Silk Way Series Astana халықаралық жарысы жалауын желбіретеді.

Алдағы турнирде айтулы елдердің кіл мықтылары бақ сынайды. Атап айтқанда, байрақты бәсекеге Қазақстан, Армения, Литва, Грекия, Әзербайжан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінен келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда.

Silk Way Series Astana турнирі – спортшылар үшін шеберлік байқасып қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды дода. Елорда тұрғындары мен қонақтары үш күн бойы тректегі жоғары жылдамдық пен тартысты бәсекенің куәсі бола алады.

Айта кетейік, еліміздің бас велотрегі – «Сарыарқа» мұндай ірі халықаралық іс-шараларды жоғары деңгейде қабылдауға толық дайын. Жарыс бағдарламасы бойынша үздік шыққан спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, арнайы марапаттарға ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз