
Қарағанды облысындағы Жаңа Қарағанды станциясында пойыз жол жөндеушіні қағып, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі.
Оқиға 3 мамырда сағат 02:03-те болған.
«Оқиға туралы ақпарат дереу Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөліміне берілді. Жауапты басшы – компанияның бас инженерінің жедел түрде оқиға орнына баруы ұйымдастырылды», – деп хабарлады КТЖ-дан.
Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық және өндірістік баға берілетін болады.
Айта кетейік, ақпан айында Шымкентте теміржол күзетінің қызметкері жолаушылар пойызының астына түсіп қайтыс болған еді.