Қазақстанның топ-5 курорттық аймағы

Жарияланды 4 Мамыр 2026 11:05

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: shutterstock

2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтары шамамен 5 миллионға жуық туристі қабылдады. Шетелде демалу қымбаттап бара жатқандықтан, қазақстандықтар ел ішінде саяхаттауды жиі таңдай бастады.

Еnergyprom.kz деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,9 млн адам демалған. Бұл – ел бойынша қонақ үйлер мен демалыс орындарына тоқтаған барлық туристердің шамамен жартысы. Соңғы бес жылда туристер ағыны үш есеге жуық артқан.

Ең танымал курорт – Алматы тау кластері

Фото: shutterstock

Туристерге қызмет көрсету көрсеткіші бойынша көшбасында әдеттегідей Алматы тау кластері тұр. Тек өткен жылдың өзінде мұнда шамамен 3 млн адам демалған.

«Алматы кластері шамамен 122 млрд теңге табыс тапты – бұл курорттық қызметтер нарығының 60%-дан астамы», – деп атап өтті сарапшылар.

Туристердің көбі енді шаңғы тебумен шектелмей, тауда демалып, табиғат аясында уақыт өткізу мен түрлі ойын-сауық түрлерін таңдауда. Мысалы, Oi-Qaragai курорты бір ғана қысқы маусымда 365 мыңнан астам қонақ қабылдаған.

Екінші орында – Бурабай. Қазақстанның Швейцариясына туристер ағыны бір жыл ішінде 33%-ға артқан.

Фото: shutterstock

Үшінші орында – Маңғыстау. Алайда мұнда керісінше турист ағыны төмендеген. Каспий теңізінің әлеуетіне қарамастан, туристер саны шамамен 10%-ға азайған.

Фото: primeminister.kz

Үздік бестікте сондай-ақ Балқаш пен Алакөл де бар.

Фото: shutterstock

Айта кетейік, қазақстандықтардың шетелге саяхаттау көрсеткіші де жаман емес. Мәселен, 2026 жылы қазақстандық туристер арасында сұранысқа ие елдердің қатарында Мысыр (43,1 мың адам), Грузия (31,8 мың адам), БАӘ (22,6 мың адам) және Вьетнам (13,5 мың адам) бар.

Сондай-ақ оқыңыз