Қайсар Қамза тұтқындалды деген ақпаратқа жауап берді

Жарияланды 5 Мамыр 2026 22:28

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Қайсар Қамза тұтқындалды деген ақпаратқа жауап берді / Фото: Instagram

Белгілі блогер Қайсар Қамза өзін Вьетнам мен Қазақстан полициясы тұтқындады деген ақпаратқа жауап беріп, қазір қалай бостандықта жүргенін айтты.

Оның айтуынша, оған алдымен Вьетнамның миграциялық полициясы келіп, паспортын тексеруден өткізіп, құжатын алып қойған. Кейінірек хабарласатындарын айтқан. Алайда сол күйі хабарласпаған.

Біраз уақыт өткеннен кейін ол жаңалықтардан өзінің «тұтқындалғаны» туралы оқыған. Алайда ол туралы сол уақытта емес 20 күн өткеннен кейін ұсталған. Вьетнамның миграциялық полициясы оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарастырып жатқандықтан, оның паспорты әлі де қолы тимеген. Ол сот шешімімен күтіп, Вьетнамда жүргенін айтты.

«Бір аяғымыз шалынып еді, өсек таратқыштар көбейіп кетті. Елге өскенің емес, өшкенің керек екен. Соны күтеді екен», – деп жазды блогер.

Қазақстан Бас прокуратурасының Kursiv.Media-ға жолдаған ақпаратына сүйенсек, Вьетнам мен Қазақстан арасындағы экстрадициялық келісімге сәйкес, блогерді ұстау немесе қайтару мәселесі Вьетнам заңнамасына сәйкес шешіледі.

Айта кетейік, осыған дейін интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазған едік. 2025 жылы Туризм және спорт министрлігі Қамзаны заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын өткізген құқық бұзушылар тізіміне қосқан еді. Сол кезде оған 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз