Айгүл Иманбаеваға бір қаскөй ұзақ уақыт дуа жасап келген

Жарияланды 6 Мамыр 2026 10:11

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram

Бір қаскөй ұзақ уақыт бойы актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның суреттеріне ине шаншып, дуа жасап келген. Әншінің сөзіне қарағанда, оқиға төбе шашыңды тік тұрғызады. Актриса бұл жөнінде «TalkLike» ютуб арнасында берген сұхбатында баяндап берді.

Дуа жаңа ашқан кафесінде жасалған. Бір қызығы, адам ағылып жатқан жерде тұрса да, іс алға баспай қойған.

«Кафеде әйелдер әжетханасының ішінде шағын апатты есік бар. Ол жерде судың есептегіш құралдары бар. Ол есік жабық тұруға тиіс. Бірақ ылғи ашылып қалатын. Шаруашылық жағын қадағалайтын ағайға: «Мынаны желімге ме, шегеге ме, отырғыза салыңызшы. Күнде ашылып қалады. Жаман көрінеді. Ішінің бәрі құбыр», – деп айттық. Сосын ол қоқыстан тазарту үшін қолын салды. Ол жерден үлкен бума қағаз табылды», – деді Айгүл Иманбаева.

Бастапқыда ешқандай жаман ойы болмаған. Бірақ буманы ашып қарағанда ішінде Айгүл Иманбаева мен құрбысы Ұлдардың суреті шыққан.

«Менің жүрегіме ине қадалған. Ұлдардың да жүрегіне, асқазанына және төменгі жағына қадалған инелер. Доллардың суреттері бар. Екеуміздің арамызды жақсылап тұрып бөлген. Шынымды айтсам, ондайды тек кинодан ғана көргенмін», – деді актриса.

Айтуынша, сосын олар жан-жақты толық қарап, шолып шыққан. Сөйтсе, айнаның артынан, кәріз құбырларынан және басқа да қуыстардан түрлі фото суреттер табылған. Бұл жағдай қатты шошытып, жұмыс уақыты біткен соң, жан-жақты толық шолып шығуды әдетке айналдырған.

«Қазан айынан Ораза басталғанша 300-ге жуық сурет, ине түйреуіш, топырақ, қан, сасып кеткен шаш таптық. Жұмыс жүрмейді. Түгел минусқа кеттік», – деді актриса.

Мұның алдында Айгүл Иманбаева қамыр жайып отырып, өзінің солақай екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз