«ҚазМұнайГаз» 2025 жылы үшін 350 млрд теңге дивиденд төлеуі мүмкін

Жарияланды 15 Мамыр 2026 09:40

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Венгрия хотела бы покупать больше нефти из Казахстана
ҚМГ қанша дивиденд төлейді / Фото: бильд-редактор: Милош Муратовский

«ҚазМұнайГаз» ұлтты мұнай-газ компаниясы биыл акционерлеріне төленетін дивиденд көлемін 350 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2025 жылы тапқан 1,07 трлн теңге таза пайдасының 722 млрд теңгесі ҚМГ иелігінде қалады.

Компанияның Директорлар кеңесі 2025 жыл қорытындысы бойынша осындай шешім қабылдауды ұсынды. Егер ұсыныс қолдау тапса, әрбір жай акция иесіне 573,66 теңгеден төленеді.

Салыстырар болсақ, былтыр 300 миллиард теңге бөлініп, әр акцияға 491,71 теңгеден тиген болатын.

Дивиденд төлеу мәселесіне қатысты соңғы нүктені 29 мамырда өтетін акционерлердің жалпы жиналысы қояды. Шешім мақұлданған жағдайда, қаражат 5 маусымнан бастап аударыла бастайды.

Ұлттық мұнай алыбы акцияларының 68,7 пайызы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына тиесілі. Тағы 20 пайыз үлесі Қаржы министрлігіне тиесілі болса, Ұлттық банктің меншігінде 9 пайызы бар. Қалғаны еркін айналымды жүр.

Сондай-ақ оқыңыз