Димаш Құдайбергеннің қарындасы мен күйеу баласы қалай танысқан

Жарияланды 16 Мамыр 2026 10:53

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Раушан Құдайберген 2025 жылы тұрмысқа шықты/фото: instagram/ermaxan_aymaxan

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген мен күйеу баласы Ермұхан Аймахан отбасылық өмірі туралы айтты.

«1001 түн» бағдарламасына барған ерлі-зайыпты отбасылық өмірі мен қалай танысқаны туралы айтып берді.

Раушан Құдайбергеннің сөзінше, тұрмысқа шыққаннан екеуінің де кейін көзқарасы өзгерген.

«Адам уақыт өте келе түрлі жағдайдан кейін өзгеруі мүмкін. Үйленгеннен кейін қатты байқалды. Әртүрлі жағдайда бір-бірімізді түсіну деңгейіміз дамыды. Көзқарасымыз өзгерді. Мұның бәрі адам болмысы, дүниетанымының өзгеруіне байланысты», – дейді Раушан.

Екі жас қалай танысты

Актер Ермұхан Аймаханның айтуынша, болашақ жарымен 2021 жылы танысқан.

«2018 жылы Алматыға оқуға түстім. 2020 жылы Асхат Маемировтың шақыруымен Астанаға келдім. Астанада Музыкалық жас көрермен деген театрды құрдық. Бірінші маусымды жапқан кезде ұжыммен бірге қала сыртында демалдық. Тимбилдинг кезінде Раушанды көріп қалдым. Раушанның ата-анасы мен Асхат Маемиров 30 жылдан бері дос. Алғаш бір-бірімізді сол жерде көрдік», – дейді Ермұхан Аймахан.

Айта кетейік, Раушан Құдайберген мен Ермұхан Аймаханның тойы 2025 жылдың 8 тамызында Шымкент қаласында өтті.

Сондай-ақ оқыңыз