«Тақтар таласы» сериалының жұлдызы Джейме Ланнистер Астанаға келеді

Жарияланды 18 Мамыр 2026 11:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джейме Ланнистер Астанаға келеді / фото: » Тақтар таласы» фильмінен кадр

Comic Con Astana 2026 өзінің алғашқы жұлдызды қонағының есімін ресми түрде жариялады. Шараның басты хедлайнері – әлемге «Тақтар таласы» (Игра престолов) культтік сериалдағы Джейме Ланнистердің рөлімен танылған даниялық танымал актер Николай Костер-Вальдау.

Голливуд жұлдызы Астана төрінде

Николай Костер-Вальдау «Тақтар таласымен» ғана шектелмей, Голливудтың бірқатар ірі жобаларында басты рөлдерді сомдаған. Көрермендер оны «Мысыр құдайлары» (Боги Египта), «Обливион» және «Бос кеңістікке оқ ату» (Выстрел в пустоту) сияқты танымал фильмдері арқылы жақсы таниды.

«Comic Con Astana 2026 Қазақстанның астанасында 6–9 тамыз аралығында өтеді. Николай Костер-Вальдау іс-шараның ресми түрде жарияланған алғашқы хедлайнері атанды», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында жанкүйерлер актермен кездесіп, автограф алуға және суретке түсу мүмкіндігіне ие болады

Comic Con Astana дегеніміз не?

Comic Con Astana – жыл сайын кино, сериал, комикс, компьютерлік ойындар және заманауи поп-мәдениет әуесқойларының басын қосатын халықаралық фестиваль. Дәстүр бойынша шараға әлемге әйгілі актерлер, комикс суретшілері, косплеерлер және танымал франшизалардың авторлары арнайы шақырылады.

Биылғы фестиваль Астана қаласы әкімдігінің және Astana Tourism туризмді дамыту орталығының ресми қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Тамыз айында өтетін шараның басқа да жұлдызды қонақтары алдағы уақытта белгілі болады.

Еске сала кетейік, былтырғы Comic Con Astana фестивалі қонақтар саны жөнінен рекорд орнатқан Жұлдызды қонақтар арасында «Сақиналар әміршісі» фильмдегі Голумның рөлім сомдаған Энди Серкис келген.

Сондай-ақ оқыңыз