ForteBank акциялары құлдырады: банк венгер инвесторына сатыла ма

Жарияланды 19 Мамыр 2026 12:06

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Форте банктің баспасөз орталығы

Астана уақыты бойынша 11:32-де Қазақстан қор биржасында (KASE) ForteBank (ASBN) акцияларының бағамы күрт төмендеді. Мәліметтерге сәйкес, банк акциялары 15,75 пайызға құлдырап, бір дана акцияның бағасы 10,0 теңгеге дейін арзандады.

Қаржы нарығындағы кейбір мәліметтерге сүйенсек, ForteBank-ті венгер инвесторы сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап нарықта ForteBank-тің OTP қаржы тобына сатылуы мүмкін деген хабар қызу талқыланып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, банктің соңғы уақыттағы стратегиялық іс-әрекеттері сату алдындағы дайындық кезеңдеріне өте ұқсас.

Атап айтқанда, акционерлерге дивиденд төлеуден бас тарту, банкті қосымша капиталдандыру туралы жақында қабылданған шешім және оның лизингпен айналысатын еншілес ұйымының сатылуы осы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр

Биржадағы акция бағасының күрт құлдырауы осы құрылымдық өзгерістерге және сатылым туралы сыбыстарға деген нарықтың реакциясы болуы ықтимал.

Еске сала кетейік, Kursiv Media мамырдағы ең тиімді депозиттердің тізімін жасады

Сондай-ақ оқыңыз