
АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар, Сауд Арабиясы және БАӘ басшыларының өтінішімен Иранға жоспарланған әскери шабуылды уақытша тоқтатты. Ол келіссөз жүріп жатқанын, бейбіт келісімге келу мүмкіндігі жоғары екенін және Иранның ядролық қаруға ие болмайтынын мәлімдеді.
АҚШ-тағы саяси жағдай
Сауалнамаларға сәйкес, америкалық сайлаушылардың 64%-ы Иранмен соғысқа қарсы, ал Трампты қолдаушылар рейтингі 37%-ға дейін төмендеген. Бұл жағдай алдағы сайлауда биліктегі партия үшін үлкен қиындықтар тудырып отыр.
Қақтығыстар және мұнай дағдарысы
АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына Иран ұшқышсыз ұшақтар және зымырандармен жауап қатты. Араб елдері Иранның стратегиялық нысандарға (мұнай зауыттары, су тұщыту қондырғылары) шабуыл жасауынан қауіптенеді.
Жағдайды ушықтырған тағы бір жайт – Иран әлемдік мұнайдың 20%-ы өтетін Ормуз бұғазын жауып тастады, ал АҚШ бұған жауап ретінде Иран порттарын қоршауға алды.
Oil price мәліметінше эталонды бренд маркалы мұнай бағасы (-2,14 пайызға) арзандап, 109,75 долларға дейін түсті.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы шиеленіс әсерінен әлемдік компаниялардың шығыны 25 млрд долларға жетті.