
Батыс Қазақстан облысы Қатталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болды. Оны осы ауылдағы мектептің 2006 жылғы түлектері өз қаражатына сыйға тартқан.
Жалпақталдағы «Ынтымақ» мұнарасы әсіресе әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Биіктігі шамамен 40 метр болатын биік нысан «соңғы қоңырау» қарсаңында ашылды.
Орал қаласынан шамамен 250 шақырым жерде орналасқан Жалпақтал түлектері мерейтой жылдарында ауылға үлкен сый жасауды дәстүрге айналдырған. «Ынтымақты» тұрғызуға шамамен 45 млн теңге жұмсалғаны сөз болды.
Жалпақтал ауылында шамамен 4,6 мың адам тұрады.
Қазақстандағы көптеген қалада, атап айтқанда Астана мен Алматыда Эйфель мұнарасының көшірмесі бар.