
«ҚазТрансОйл» компаниясы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайды экспортқа тасымалдау қызметтерінің бағасын жаңартты. Компания басшылығының 22 мамырдағы бұйрығына сәйкес, магистральдық құбырлар арқылы қызмет көрсету құны өсетін болды.
Атап айтқанда, Т. Қасымов атындағы станцияда мұнайды теміржол цистерналарына құю бағасы бір тонна үшін 1 292,51 теңгеге дейін көтерілді. Бұл бұрынғы құнға қарағанда 79,31 теңгеге немесе 6,5 пайызға қымбатырақ. Ал дәл осы станцияда мұнайды қыздырып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне өткізу қызметінің бағасы 180 теңгеге (56,2 пайызға) өсіп, бір тоннасына 500,10 теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан мұнайын өзге елдердің құбырлары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру қызметі де 42,5 пайызға артты. Енді бұл қызметтің бір тоннасы үшін 120,34 теңге төленетін болады (өсім – 35,87 теңге). Көрсетілген бағалардың барлығы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) есептелгенін ескерген жөн.
Айта кетерлігі, мұнай тасымалдау бағытындағы бұл қызметтердің тарифтері осыған дейін 2023 жылы бекітіліп, содан бері мүлдем өзгертілмеген болатын.
Ресей тарапы Қазақстан арқылы Қытайға мұнай жеткізуді ұлғайтады. Бұл жеткізуде біздің елде «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады.