Алтын бағасы түсті: Жапония нарыққа үлкен көлемде алтын сатты

Жарияланды 30 Мамыр 2026 16:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
Алтын сату бөлімшесі, Жапония / фото: gemini AI

2026 жылдың наурызында аяқталған 2025 қаржы жылында Жапониядан алтын экспорты жылдық мәнде 35,6%-ға өсіп, шамамен 25,5 млрд долларға жетті. Бұл – 1988 жылы статистика жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Әлемдік нарықтағы алтын бағасының күрт өсуі аясында орташа экспорттық баға 48,7%-ға артып, келісіне шамамен 117 400 доллар болатын рекордтық деңгейге көтерілді. Сонымен қатар, алтын импорты да жылдық мәнде 120%-ға артып, шамамен 1,1 млрд долларды құрады және бұл да тарихи максимум болып саналады. Нәтижесінде, 2025 қаржы жылында Жапония импорттаған көлемнен 200 метрикалық тоннаға артық алтынды экспорттады. Бұл ақшалай түрде шамамен 24,4 млрд долларды (өткен жылмен салыстырғанда +37,9%) құрап отыр.

Экспорттың күрт өсу себебі және контрабандалық механизм

Бұл жағдай елге бұрын контрабандалық жолмен әкелінген алтынның қайта шығарылып жатқанын көрсетуі мүмкін. Болжамды механизм мынадай: алтын Жапонияға стандартты 10% тұтыну салығын төлеместен заңсыз әкелінеді. Одан кейін салықты ескере отырып ішкі нарықта сатылады да, оңай табыс әкеледі. Ал соңында сол алтын шетелге қайта экспортталады.

Айта кетейік, TradinView мәліметінше нарықта алтын уницасына қазір баға 4 528,9 долларды құрап отыр. Ал ҚРҰ мәліметінеше 29 сәуірде 1 гр алтынның бағасы -68 561 теңге.

Әлемдегі алтынның көбін тек санаулы ғана елдер өндіреді. Олардың ішінде Қытай, Ресей және Аустралия көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз