Доллар қайтадан арзандап, 489 теңгеге дейін түсті

Жарияланды 3 Маусым 2026 16:40

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
доллар теңге
Доллар бағамы / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

3 маусымда KASE валюта нарығында доллардың бағасы 488,20 теңгеге дейін төмендеді. Сағат 16:30-дағы дерек бойынша USD/KZT жұбының сауда-саттық көлемі 300 млн доллардан асты.

Дәл осы уақытта kurs.kz мәліметі бойынша Алматы мен Астана қалаларындағы айырбас орындары долларды 458-488 теңгеден қабылдаса, 490-491 теңгеден сатып жатыр.

Halyk Finance мамандарының бағалауынша, егер мұнайдың орташа бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде сақталса, 2026 жылдың соңына қарай бір доллардың бағамы шамамен 540 теңгеге жетуі мүмкін.

Айта кетейік бір күн бұрын биржада доллардың бағасы 495 теңгеге дейін көтерілген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз