Алматыдағы Ботаникалық бақта не себепті пикник жасауға болмайды

Жарияланды 5 Маусым 2026 15:05

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды/коллаж kursiv.media

Алматыдағы Ботаникалық бақта пикник ұйыдастыруға тыйым салынған. Бақ әкімшілігі мұның себебін түсіндірді.

Ботаникалық бақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Сондықтан мұнда арнайы ережелер сақталуға тиіс.

Оның ішінде өсімдіктерді, гүлдерді жұлуға болмайды. Мұнда өсімдіктердің көпшілігі ғылыми коллекциялық қордың құрамына кіреді. Сол себепті тек арнайы жабдықталған жолдармен және соқпақтармен жүру қажет, көгал үстімен жүруге болмайды.

«Пикник ұйымдастыруға болмайды. Бұл артық қоқыстың жиналуына жол бермеуге, көгалдар мен өсімдік отырғызылымдарын зақымдамауға, сондай-ақ тағам иісі мен қалдықтары арқылы кеміргіштерді тартпауға көмектеседі», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ аққулар мен балықтарды тамақтандыруға болмайды, өйткені олардың азық рационын арнайы мамандар таңдаған. Сол себепті артық тағам мен суға түскен қоқыс аққулардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Айта кетейік, Алматыда жаз бойы SUMMER FEST фестивалі өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз