
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін түсіруге инфляцияның төмендеуі әсер еткенін айтты. Бірақ топ-менеджер инфляцияны толық ауыздықтатық деп айтуға әлі ерте екенін ескертті.
«Инфляцияның сәуір және мамыр айларында баяулауы, сонымен бірге соған қатысты болжамдардың жақсаруы бүгін бізге базалық мөлшерлемені түсіруге мүмкіндік берді. Дегенмен инфляцияны жеңдік, ауыздықтадық деп айтуға болмайды», – деп мәлімдеді ҰБ басшысы.
Реттеуші банк мәліметінше, 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,4% болған. Ал азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеген. Дегенмен азық-түлікке жатпайтын инфляция көрсеткіші 11,7% деңгейінде сақталды.
Мамырда айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулаған (сәуірде – 0,8%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да 0,7%-ға дейін төмендеген.
Соған байланысты Ұлттық банк 5 маусымда базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендету жөнінде маңызды шешім қабылдады. Мөлшерлеме деңгейі түскен күні доллар қымбаттап жатыр.