Астанада 6 млрд теңгеге сүт өңдейтін зауыт салынды

Жарияланды 8 Маусым 2026 16:49

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Астанада жаңа сүт өңдеу зауыты ашылмақ. Зауыт «RnR Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңында бой көтерген.

Жоба өнім өңдеу көлемін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін көбейту мақсатында Үкімет пен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

RnR Group компаниясының екі құрылтайшысы бар: Михаил Бобров пен Гүлнар Жұмабекова.

Кәсіпорын директоры Виталий Долженконың мәлімдеуінше, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды.

Зауыт 2026 жылы пайдалануға беріліп, ал оның алғашқы өнімі биыл тамыз айында шығады деп жоспарланған.

Жаңа кәсіпорын тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады, болашақта көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігі бар.

Зауыт іске қосылғанда сүт, айран, қаймақ, йогурт сияқты өнімдердің 350-ге жуық түрін шығаратын болады. Мұнда өндірілген барлық сүт өнімі Астана қаласы мен оған жақын орналасқан аймақтардың нарығына жолданады.

Бұған дейін түріктер Түркістанға БАД шығаратын зауыт салатыны белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз