Жаңа есім, жаңа кезең: Әнші Жазира Байырбекова тегін ауыстырды

Жарияланды 9 Маусым 2026 14:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Жазира Байырбек
фото: instagram

Қазақстандық танымал әнші, көпшіліктің сүйіктісіне айналған Жазира Байырбекова өміріндегі елеулі өзгерісті жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі бұдан былай ресми түрде мүлдем басқа текпен жүретінін мәлімдеді.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба қалдырып, көптен бері қалыптасқан «Байырбекова» тегінен бас тартқанын жеткізді.

«Менің атам – Ыса! Менің аты-жөнім – Жазира Ыса», – деп жазды әнші өзінің парақшасында.

Әншінің мәлімдемесі желіде бірден қызу талқыға түсті. Көпшілігі әншінің атасының атын ұлықтап, қазақы дәстүрмен тек таңдағанын қолдап, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі көп жылдан бері құлаққа сіңісті болып кеткен «Жазира Байырбекова» есімін қимайтындарын жарыса жазып жатыр.

Себебі белгісіз

Әнші өміріндегі мұндай қадамға не себеп болғанын, яғни тегін дәл қазір ауыстыруының сырын әзірге ашып айтпады. Тек өз атасының есімін мақтанышпен атап, жаңа есімін ресми түрде бекіткенін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін әншілер Жанболат пен Жазира жалғыз ұлдары Қазбектің дүркіретіп тойын өткізіп, желіні шулатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз