Экономика

Қазақстанда алтын бағасы күрт арзандады

Алтын бағасы күрт арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Ұлттық банк мәліметінше, соңғы айларда Қазақстанда алтын бағасы арзандады. 11 наурызда 1 грамм алтын 81 774,20 теңгеден сатылса, 10 маусымда баға 66 717,60 теңгеге дейін түсті.

Яғни наурыз айымен салыстырғанда алтын 15 056,60 теңгеге арзандады. Осылайша алтын құны 4 айда шамамен 18,4% төмендеді.

1 грамм алтын бағасы

Алтын бағасының қаңтар–маусым аралығындағы өзгерісі

11 наурызда 1 грамм алтын бағасы 81 774,20 теңгеге дейін жетіп, кейін төмендеп, 10 маусымда 66 717,60 теңге болды.

Бағаның динамикасы теңге / 1 грамм
75 200 ₸ 13 қаң. 79 414 ₸ 10 ақп. 81 774 ₸ 11 нау. 73 322 ₸ 9 сәу. 70 534 ₸ 8 мам. 66 718 ₸ 10 мау.

Әлімдік нарықта алтынның бағасы қандай?

Әлемдік нарықта да алтын арзандап жатыр. Бір аптада оның бағасы 5,40% түсіп, бір трой унциясы 4 149,9 долларға дейін төмендеді. Бір айда баға – 9,63%, үш айда 18,8% азайған.

Қазақстандағы өзгеріс әлемдік нарықтағы алтын бағасынын арзандауымен деңгейлес. Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, наурыздан маусымға дейін 1 грамм алтын бағасы 18,4%-ға төмендеді. Әлемдік нарықта да осы кезеңде бағалы металл құны 18,8% арзандаған.

9 маусымда АҚШ пен Иран бір-біріне жасаған әуе соққысынан кейін геосаяси жағдай шиеленісе түсті.

Осы оқиғалар мұнай бағасының 1% өсуіне әсер етті. Бұл инфляцияны тежеу үшін пайыздық мөлшерлемелер ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталуы мүмкін деген болжамды күшейтті.