
2026 жылғы 12 тамызда Күн толық тұтылады. Ай жұлдыздың бетін толықтай жабады. Сирек кездесетін астрономиялық оқиға Астана уақытымен сағат 20:34-те басталады.
Толысқан Күн
Мамандар Күннің толық тұтылуы ең ұзақ дегенде 2 минут 18 секундқа созылатынын есептеп шығарды. Толысқан жұлдызды негізінен Еуропа елдері тамашалай алады.

NASA Күннің толық және ішінара тұтылу картасын дайындады. Толысқан жұлдызды Испания, Португалияның солтүстігі, Исландия және Гренландия елдерінің тұрғындары көреді.
Ішінара тұтылу және Қазақстан
Күннің толық тұтылу фазасы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 21:58-да басталады. Ал 22:46-да тұтылудың ең жоғарғы шегіне жетеді. Толық тұтылу фазасы 23:34-те, ал ішінара тұтылу 00:57-де аяқталады.
Бұл уақытта Қазақстанда күн батып кететіндіктен, тұрғындар оны ел аумағында көре алмайды. Өйткені ішінара тұтылудың алғашқы фазасы 20:34-те басталады. Ал елдің ең батыс нүктесінде сол күні Күн сағат 20:47-де батады. Қазақстан бар болғаны 13 минутқа «кешігіп» қалды.
Дегенмен астрономиялық оқиғаны Интернеттен тамашалауға болады. NASA өзінің YouTube-арнасында тікелей эфир ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Kursiv.Media адамзат баласын Айға қондыруды көздейтін Артемида миссиясы туралы жазған.