
Таиландта Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның үлкен қызы, ханшайым Баджракитиябханың қайтыс болуына байланысты 15 күндік ресми аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ASEAN NOW Thailand агенттігі.
Бүкіл ел бойынша үкіметтік ғимараттарға, мемлекеттік мекемелерге және оқу орындарына туларды төмен түсіру тапсырылды. Бұл шешім Министрлер кабинетінің арнайы отырысында қабылданды, онда ханшайымның рухы бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Үкіметке жерлеу рәсімі мен корольдік салтанатты шараларды барлық құрмет пен дәстүрді сақтай отырып өткізу тапсырылды. Азаматтарды белгіленген ережелерге сәйкес аза тұтуға шақырды.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, премьер-министрдің тұрақты хатшысы кеңсесі корольдік жерлеу рәсімдерін қадағалау үшін премьер-министрдің төрағалығымен комитет құрады. Мемлекеттік мекемелер 100 күндік жерлеу дұғалары кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қатысуын ұйымдастырады.
Айта кетейік, үш жылдан астам уақыт комада болған ханшайым Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды.
Айта кетейік, бұған дейін Тайландта полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен мысықтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.