Димаш Құдайберген Ақтөбедегі Орталық стадионда бейнебаян түсіріп жатыр

Жарияланды 16 Маусым 2026 18:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Димаш Құдайберген Ақтөбедегі Орталық стадионда бейнебаян түсіріп жатыр / Фото: Instagram/ Dimash Kudaibergen

Ақтөбедегі Орталық стадионға жиналған 12 800 жас – әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Ақерке» әнін шырқады. Димаш Құдайберген «Ақерке» халық әнін орындап, ақтөбеліктерге қатысқандары үшін алғысын білдірді.

«Жастардың жиналғанын көріп тұрмын. Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Бұл сәтті асыға күттім. Сіздер әрқашан менің жүрегімдесіздер. Туған жеріме келіп, жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сағындым. Менің Ақтөбем мен Қазақстаным үшін бүкіл әлемге көрсетуге ұят болмайтын бейнебаян шығады деп үміттенемін», – деді әнші.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген туған жеріне өткен аптада келген. Ол өзі оқыған мектепке барып, ұстаздарымен кездесті. Сондай-ақ әнші әртістің үлкен LEGO-портретін жасаған оқушылармен де жүздесті.

Сондай-ақ оқыңыз