Halyk Bank-ке 18 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды 17 Маусым 2026 16:39

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Halyk Bank
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақсандағы ең бірі банк – Halyk Bank-ке 18,17 млн теңге айыппұл салынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің дерегіне сәйкес, банк қаржылық бақылауға қатысты заң талаптарын бұзған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзудан көрініс тапты» делінген хабарламада.

Қаржы ұйымы айыппұлды 13 шілдеге дейін төлеуге тиіс.

Бұған дейін банк құпиясын жариялағаны үшін Home Credit Bank-ке екі рет айыппұл салынған.

Halyk Bank – елдегі жүйе құраушы банктердің бірі. Halyk Bank-тің басты акционері – «АЛМЭКС» холдингі. Банктің түпкі иесі Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер рейтингінің үшінші сатысында тұр. 

2026 жылдың алғашқы тоқсанында банктің таза пайдасы 234,8 млрд теңге болды. Пайда үш айда 14,6%-ға азайған.

Сондай-ақ оқыңыз