Технология секторына Ұлттық қордан 1 млрд доллар қаржы салынады

Жарияланды 18 Маусым 2026 12:49

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Ұлтты қор қыржысын инвестициялау саясаты өзгереді / Фото: kursiv.media архиві

Ұлттық Банк Ұлттық қор активтерін басқару тиімділігі мен кірістілігін арттыруға бағытталған стратегиялық өзгерістерді жүзеге асырмақ. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2026 жылдан бастап қор активтерін нысаналы аллокациялаудың, яғни қаражатты актив түрлері бойынша қайта бөлудің жаңа үлгісіне көшу көзделген.

Осы ретте жинақтардың өсім деңгейін жоғарылату мақсатында тәуекелі жоғары, бірақ табыстылығы зор акциялар мен баламалы қаржылық құралдардың үлесін айтарлықтай ұлғайту жоспарланған.

Бұл қадам қордың ұзақ мерзімді кірістілігін қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде қарастырылып отыр.

Стратегиялық бағыт аясында Ұлттық қор қаражатын әртараптандыру мен ұлттық экономиканы қолдаудың екі ірі бағдарламасы бекітілді.

Біріншіден, халықаралық озық тәжірибе негізінде ұлттық экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында 1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде инвестициялау бағдарламасы қабылданды.

Екіншіден, инвестициялық портфельді заманауи трендтерге сай әртараптандыру және қосымша табыс көздерін қалыптастыру үшін нысаналы көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайтын Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрылды.

Ұлттық қор активтері 2015 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті.  2026 жылғы мамырдың соңында қордың валюталық активтері 66,4 млрд долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз