Экономика

Алматы бюджетіне ең көп ақша жеке табыс салығынан түсті

Алматы қаласының салық түсімдері анықталды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Алматы қаласының салық түсімдері анықталды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың қаңтар-сәуірінде Алматы қаласында негізгі салық түрлері бойынша түсім 721,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәл төмен. Былтыр осы алты негізгі бағыт бойынша түсім 753,2 млрд теңге болған.

Түсім құрылымында ең үлкен үлес жеке табыс салығына тиесілі. Төрт айда бұл салықтан қала бюджетіне 281,8 млрд теңге түсті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 253,8 млрд теңге болған. Яғни жеке табыс салығы 11%-ға өскен. Бұл Алматыда жалақы қоры, жұмыспен қамту және ресми табыс көлемі әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Салықтық түсімдер

Алматы қаласының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі салық түсімдерінің негізгі түрлері 2023-2026 жж. динамикасында (млрд тг)

2026 2025 2024 2023
202,1 2023 жыл
202,1 млрд тг
301,9 2024 жыл
301,9 млрд тг
339,5 2025 жыл
339,5 млрд тг
271,0 2026 жыл
271,0 млрд тг
Корпоративтік
табыс салығы
197,4 2023 жыл
197,4 млрд тг
226,7 2024 жыл
226,7 млрд тг
253,8 2025 жыл
253,8 млрд тг
281,8 2026 жыл
281,8 млрд тг
Жеке табыс
салығы
76,8 2023 жыл
76,8 млрд тг
116,7 2024 жыл
116,7 млрд тг
140,6 2025 жыл
140,6 млрд тг
143,6 2026 жыл
143,6 млрд тг
Әлеуметтік
салық
1,3 2023 жыл
1,3 млрд тг
1,5 2024 жыл
1,5 млрд тг
2,5 2025 жыл
2,5 млрд тг
3,5 2026 жыл
3,5 млрд тг
Жарнама
орналасқаны үшін
төлем
6,9 2023 жыл
6,9 млрд тг
6,4 2024 жыл
6,4 млрд тг
5,5 2025 жыл
5,5 млрд тг
6,8 2026 жыл
6,8 млрд тг
Акциздер
6,9 2023 жыл
6,9 млрд тг
10,0 2024 жыл
10,0 млрд тг
11,3 2025 жыл
11,3 млрд тг
15,1 2026 жыл
15,1 млрд тг
Мемлекеттік
баж
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Екінші орында корпоративтік табыс салығы тұр. Алайда дәл осы бағытта төмендеу байқалады. 2025 жылдың қаңтар-сәуірінде корпоративтік табыс салығынан 339,5 млрд теңге түссе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 271 млрд теңгеге дейін азайған. Яғни бір жылда түсім шамамен 20%-ға қысқарды. Жалпы салық түсімдерінің төмендеуіне негізгі әсер еткен фактор да осы.

Әлеуметтік салық бойынша өсім баяу. 2026 жылдың төрт айында бұл салықтан 143,6 млрд теңге түсті. Былтыр көрсеткіш 140,6 млрд теңге болған. Айырмашылық үлкен емес, бірақ оң динамика сақталған.

Шағын көлемдегі салықтарда өсім айқынырақ көрінеді. Мемлекеттік баж 15,1 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 33%-ға артты. Акциздер 6,8 млрд теңге болды. Жарнама орналастырғаны үшін төлем 3,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Жалпы Алматының салықтық түсімдерінде негізгі салмақ үш бағытқа түсіп отыр: жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы және әлеуметтік салық. 2026 жылдың қаңтар-сәуірінде осы үшеуі ғана 696,3 млрд теңге жинаған. Бұл жалпы көрсеткіштің 96%-дан астамы.

Айта кетейік, республикалық бюджеттің қай өңірлер толтырғанын жаздық.