Шоқан туралы жаңа фильм экранға қашан шығатыны мәлім болды

Жарияланды 24 Маусым 2026 15:02

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Актер Ерлан Құлмурзин Шоқан рөлінде
Шоқан рөлін сомдаған жас актер Ерлан Құлмурзин / фото: Instagam/Maya Bekbayeva

Қазақтың біртуар ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов туралы жаңа деректі көркем фильм жыл аяғына дейін жарық көреді. Жоба продюсері Майя Бекбаева осылай дейді.

«Жаңсақ айтқым келмейді, бірақ жыл аяғына дейін жарыққа шығады деп ойлаймын», – деп жауап берді Бекбаева әлеуметтік желідегілердің сауалына.

Фильмді түсіру өткен аптаның аяғында аяқталған. Түсіру тобы Өзбекстандағы Бұхара қаласында, Астана іргесіндегі Қоянды және Тайтөбе ауылдарында жұмыс істеген.

Актер Ерлан Құлмурзин Шоқан рөлінде
Шоқан және оның Досжан атты тұлпары / фото: Instagam/Maya Bekbayeva

Жобаға Меруерт Өтекешова, Бақтияр Қожа сынды танымал актерлер қатысты. Ал Шоқан рөліне 28 жастағы Ерлан Құлмурзин бекітілді. Алайда осындай шешімді әлеуметтік желідегілер сынап, оны «Шоқанның атқосшысы» деп атады. Артынша продюсер Бекбаева басты рөлге сай актерді ұзақ іздегенін айтып, жұмысын бағалауға кеңес берді.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865) – ұлы қазақ ғалымы, зерттеуші, саяхатшы, тарихшы және этнограф. Ірі тұлғаның өмірбаяны туралы фильмдер 1984 және 1957 жылдары түсірілген.

Сондай-ақ оқыңыз