Алтын бағасы күрт арзандады: 1 грамм қанша теңге болды

Жарияланды 29 Маусым 2026 09:32

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Алтын бағасы күрт арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда алтынның теңгедегі бағасы қайта арзандады. Ұлттық банк дерегінше, 26 маусымда 1 грамм алтын 62 338,06 теңге болды. Бұл – 2025 жылғы қыркүйектен бергі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Алтын қаншаға арзандады?

Ұлттық банк мәліметінше, 26 маусымда 1 грамм алтынның бағасы 62 338,06 теңге болды. Бір күн бұрын, 25 маусымда бұл көрсеткіш 63 721,24 теңге еді.

Яғни бір күнде алтын 1 383 теңгеге, шамамен 2,2%-ға арзандады. Мұндай қозғалыс алтын құйма немесе бағалы металл бағасын бақылап жүргендер үшін маңызды белгі.

Маусым басымен салыстырғанд бағалы металдың құнсызданғаны тіпті айқын көрінеді. 1 маусымда 1 грамм алтын 70 708,76 теңге болған. 26 маусымдағы бағамен салыстырғанда айырма 8 370 теңгеден асады. Бұл алтын 11,8% арзандады деген сөз.

Бұл қанша айлық минимум?

Қазіргі баға шамамен 9,5 айлық минимумға түсті. Бұдан төмен көрсеткіш соңғы рет 2025 жылғы 9 қыркүйекте тіркелген. Ол кезде 1 грамм алтын 62 118,04 теңге тұрған.

Содан кейін алтын бағасы негізінен 63 мың теңгеден жоғары деңгейде сақталған. Сондықтан бағалы металл бағасының 62,3 мың теңгеге түсуі – қысқа мерзімді ауытқу ғана емес, соңғы айлардағы маңызды төмендеу.

Тағы да оқыңыз: Иран мен АҚШ келіссөзінен кейін алтын бағасы қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз