Теңге доллар алдында біртіндеп нығайып келеді

Жарияланды 30 Маусым 2026 13:16

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар бағасы KASE-де 480 теңгеге дейін нығайды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

30 маусым KASE-де күндізгі сауда сағат 13:04 жағдай бойынша доллардың бағамы 481,01 теңге болды. Бұл дүйсенбі күнгі қорытынды көрсеткішпен салыстырғанда теңгенің шамамен 1,64 теңгеге нығайғанын көрсетеді. Бүгін ең минималды сатылым бағасы – 480,50 теңгеге дейін төмендеді.

Айырбас орындарында да доллар бағамы төмендегені байқалады. Алматыдағы ақша айырбастау пунктері долларды негізінен 482-483 теңгеден сатып алып483-484 теңгеден сатып жатыр.

Сонымен қатар теңге бағамына әсер етуші сыртқы фактордің бірі – мұнайдың фьючерстік бағасы барреліне 72-73 долларға сатылып жатыр.

Айта кетейік, көптеген институционалды сарпшылар теңге жыл соңында әлсірейді деп болжап отыр. Соның бірі ЕАДБ сарапшылары доллар бағасы 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз