Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны қайта баяулады

Жарияланды 1 Шілде 2026 12:08

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Тікелей шетелдік инвестиция азайды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторлардан түскен жалпы инвестиция ағыны 6,3 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,4% төмен. 2025 жылдың I тоқсанында көрсеткіш 7,1 млрд доллар болған еді.

Тікелей инвестициялар

Қазақстанға салынған тікелей инвестиция: I тоқсандағы жалпы ағын

2023–2026 жылдардың I тоқсаны бойынша Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны. Көрсеткіш млрд АҚШ долларымен берілді.

2026 I тоқсан: 6,3 млрд $ 2025 жылмен салыстырғанда: −11,4% Дерек: FDIstockkaz, 2-кезеңдегі ағындар

Соңғы төрт жылдың бірінші тоқсандарын салыстырсақ, инвестиция ағынында тұрақты өсім емес, құбылмалы динамика байқалады. 2023 жылдың I тоқсанында Қазақстанға 7,9 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,2 млрд долларға дейін төмендеп, бір жылда 21,2% қысқарды.

Осылайша, 2026 жылдың I тоқсанындағы нәтиже 2024 жылғы деңгейден сәл жоғары болғанымен, 2023 жылғы көрсеткіштен әлі де төмен. 2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 1,6 млрд долларға, яғни шамамен 19,9% азайған.

Бұл динамика Қазақстанға инвестиция келуі толық тоқтады дегенді білдірмейді. Бірақ соңғы деректер инвесторлардың белсенділігі тұрақты емес екенін көрсетеді. Бір жыл өсім байқалса, келесі жылы қайта төмендеу тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: Қытай компаниясы ірі мыс кен орнына 65 млн доллар инвестиция салады.

Сондай-ақ оқыңыз