Трамп отбасы криптовалютадан 1,4 млрд доллар пайда тапқан

Жарияланды 1 Шілде 2026 10:34

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Дональд Трамп криптовалюта
Криптовалюта Трамп дәулетін арттырды / фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы отбасы мүшелерінің криптожобалардан 1,4 млрд доллардан астам табыс тапқанын мәлімдеді. Енді саясаткер кірісінің басым бөлімі цифрлы активтерден түсіп жатыр.

Құрама Штаттар үкіметінің этика жөніндегі басқармасына түскен құжаттарға сәйкес, былтыр Трамптың компаниялары World Liberty Financial криптокәсіпорынынан шамамен 800 млрд доллар алған. Reuters мәліметінше, криптокәсіпорынға президент пен оның ұлдары қожалық етеді. Табыстағы 520 млн доллар токендер саудасынан, тағы 250 млн доллар World Liberty бизнесін сатудан түскен.

Тағы 635 млн доллар Трампқа арналған монеталарды сатудан түскен.

Басылым Трамптың 2025 жылы Ақ үйге қайта оралуы криптовалюта нарығын ғана емес, президент тағдырын да өзгерткеніне назар аударды. Ол билікке жете салысымен осы салаға қатысты саясат жүргізе бастады. Сол кезде үкіметтің криптонарықты бақылауы әлсіреп, стейблкоиндарға федералдық тәртіп енгізілді. Бұл ретте Ақ үй мүдделер қақтығысы жоқ деп есептейді.

«Президент те, оның отбасы да ешқашан мүдделер қақтығысына жол берген емес. Президент Трамп Құрама Штаттарды әлемнің криптоаснасына айналдырды», – деп мәлімдеген Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келли.

Бұған дейін The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп отбасының қатысы бар миллиардтаған долларлық сауда келісімін әшкерелеген көлемді зерттеу жариялаған. Мақалада Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты мен Солтүстік Қатпар кен орындарын игеру үшін Вашингтон бөлмек болған 1,6 млрд доллар мен одан Трамптың ұлдары қалай пайда көрмек болғаны егжей-тегжейлі баяндалған.

Сондай-ақ оқыңыз