Алғашқы криптоайырбастау пункті Ұлттық банк лицензиясын алды

Жарияланды 2 Шілде 2026 08:53

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
«PAX FINANCE» криптовалюта сату лицензиясын алды
Биыл мамыр айында ғана құрылған компания ҰБ рұқсатына ие болды / фото: ҰБ баспасөз қызметі

«Pax Finance» компаниясы Ұлттық банктің арнайы рұқсатын алып, Қазақстанда алғаш рет криптовалюта айырбастау құқығына ие болды.

Енді осы компания, ҰБ мәліметінше, криптовлаютаны ресми түрде сатып алып, сатып, сақтай алады.

Бұған қоса, «Pax Finance» бөлімшелер ашып, криптоматтар орнатады. Ол Қазақстан заңына сәйкес қызмет көрсетеді.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығына қатысушыларды лицензиялау тәртібі күшіне енді. Лицензия алу немесе есепке тұру үшін Ұлттық Банкке өтініш беруге болады.

«Pax Finance» компаниясы Астана қаласында орналасқан. Компания 2026 жылғы 20 мамырда тіркелген. Сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, қаржы саласында басқа да қызмет көрсетеді.

Бұған дейін Kursiv.Media АҚШ президенті Дональд Трамп отбасы криптонарықтан 1,4 млрд доллар пайда тапқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз