
Белгілі продюсер Баян Алагөзова өзінің үздік жобасы KeshYou тобының брендін сатудан екі рет бас тартқан. Бұл туралы ол топтың 20 жылдық мерейтойына байланысты түсірілген фильмде айтты.
«Менен екі рет оны (KeshYou брендін сатып алғысы келген. Жақсы ақша ұсынған. Мен оны сата алмаймын. Қанша ақша ұсынса да… KeshYou жүрекпен жасалған бренд», – деді продюсер.
Алагөзова топтың 20 жылдық концертін Астанада өткізу туралы ұсыныс көп болғанын, әзірге қандай шешім қабылдағанын айта алмайтынын сөз етті.
Ол, сондай-ақ, топтың 30-40-50 жылдық мерейтойларында атап өткісі келетінін айта кетті.
Бірнеше сериядан тұрған фильмнің жаңа бөлімінде топтың, музыканттардың, режиссердің, бишілер, стилистер және тағы басқа ондаған адамның концертке қалай дайындалғаны туралы болды.
Айта кетейік, Алматыдағы Орталық стадионда отандық шоу-бизнестің ең танымал әрі аңызға айналған қыздар ұжымы – «КешYOU» тобының 20 жылдық мерейтой концерті өткен еді.