Михаил Шайдоровтың жаңа фотосессиясы таңғалдырды

Жарияланды 2 Шілде 2026 17:19

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: Esquire Kazakhstan

Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Esquire Kazakhstan журналы үшін жаңа түсірілім жасады. Спортшының ерекше үлгісі көпшілікті таңғалдырды.

Михаил Шайдоров мүлдем жаңа, батыл образда бой көрсетті. Бұрын көпшілікке таныс бұйра шаш жоқ. Оның орнына стилистер шашын тегістеп, артқа қарай жинақы сәндеген. Ал қолындағы стильді қолғап пен құлағындағы сырға спортшының стиліне батылдық пен заманауи екпін қосқан.

фото: Esquire Kazakhstan
фото: Esquire Kazakhstan

Келесі бір кадрде Шайдоров кең жағалы, жеңі бүрмеленген жейде мен қара жалпақ белбеуі бар шалбар киген. Осы үлгісімен жанкүйерлерінің алдында романтикалық кейіпте көрінеді.

Айта кетейік, қазір Шайдоров АҚШ-та жаттығып жүр. Оған жаңа бағдарлама қоюға әлемге америкалық бапкер Рафаэль Арутюнян және әйгілі канадалық хореограф Ше-Линн Бурн көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз