«Тұрсынбектің келетін жөні ғой»: Мөлдір Мұқан үш баласына бірдей той жасады

Жарияланды 7 Шілде 2026 02:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Тұрсынбек Қабатовтяң бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан балаларына арнап той өткізді. Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың тойда бой көрсетпегенін қызу талқыға салды.

Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей үлкен қуанышты біріктіріп, қатар атап өтті. Салтанатты кештің басты себебі үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алуы, екінші қызы Айымның мектеп бітіруі және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отыруы болды. Балаларының өмірдегі маңызды белестерін жоғары деңгейде атап өткен ананың бұл қадамына сүйсінгендер көп болды.

Кештің қадірлі қонақтары

Аталмыш дүркіреген тойға қазақ эстрадасының ең жарық жұлдыздары жиналды. Кештің көркін қыздырып, өнер көрсеткендер қатарында Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева, Жазира Байырбекова, Заттыбек Көпболсынұлы сынды аға буын өкілдерімен қатар, жастардың сүйікті орындаушылары Райм мен Ерке Есмахан және Қайрат Нұртас болды. Жұлдызды қонақтар ақ тілектерін жаудырып, әннен шашу шашты.

«Тұрсынбек қастарында болмай ма?»

Алайда, әлеуметтік желіде тараған видеолар мен суреттердің астына оқырмандар сан түрлі пікірлер қалдыруда. Көпшіліктің көкейінде «Тұрсынбек Қабатов бұл қуанышта неге төбе көрсетпеді?» деген сұрақ туындады. Инстаграм желісіндегі пікір қалдырушылар балалардың әкесі ретінде Тұрсынбектің бұл сәтте табылмағанына реніштерін білдіріп жатыр.

«Ой Алла, осындай кезде Тұрсынбек қастарында болмай ма? Не деген адам, балалардың көңілі үшін келуге болар еді ғой, қанша тоқалы болса да…»
«Әттеген-ай, Тұрсынбектің жоқтығы-ай. Бір кем дүние-ай…»

Осындай сыни пікірлермен қатар, Мөлдір Мұқанның аналық еңбегін бағалап, «Машаллах, құтты болсын!», «Керемет, балалардың бағы жансын!» деп ақ ниетпен құттықтап, отбасына амандық тілеп жатқан оқырмандар да аз емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде жиі қарғыс естіп жүргенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз