Айырбас орындарында доллар тағы да арзандады

Жарияланды 8 Шілде 2026 11:51

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

KASE қор биржасында USD/KZT жұбы бойынша сағат 11:34 те доллардың құны 467,85 теңгеге дейін нығайды. 1 шілдедегі сауда қортындысы бойынша доллардың бағасы 478,50 теңге болған еді. Осылайша теңге долларға қарсы бір апта ішінде 10,7 теңгеге нығайды.

Алматыдағы айырбас орындарында да осы үрдіс байқалады. Қаладағы ақша айырбастау пункттері долларды 467-469 теңге аралығында қабылдап жатыр. Ал сату бағасы 470-472 теңге шамасында.

Ұлттық Банк шілде айында ішкі валюта нарығында Ұлттық қордан 200–300 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатуды жоспарлап отыр.

ҚҚҚ мәліметінше қазір шетелдік инвесторлар Қазақстанның бағалы қағаздарына көп инвестиция сала бастаған. Қаржыгерлер шетелдік инвесторлардың белсенділігіне теңгенің нығаюы да әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Сондай-ақ оқыңыз