АҚШ Түркияға салынған санкцияларды алып тастамақ

Жарияланды 8 Шілде 2026 09:28

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Түркия президентінің баспасөз хатшысы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

АҚШ Түркияға қарсы бұрын енгізілген санкцияларды алып тастауға дайын. Reuters мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға қатысты CAATSA санкциялары жойылатынын айтып, Анкараға F-35 жойғыш ұшақтарын сату мәселесін қайта қарастыратынын мәлімдеді.

Бұл санкциялар 2020 жылы енгізілген. Оған Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы себеп болған. Вашингтон бұл жүйе НАТО қауіпсіздігіне және F-35 бағдарламасына қауіп төндіруі мүмкін деп санаған. Сол кезде Түркия F-35 бағдарламасынан шығарылып, қорғаныс саласына шектеулер қойылды.

Енді АҚШ пен Түркия қарым-қатынасты жұмсартуға тырысып отыр. Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жалғасатынын, ал F-35 бойынша шешім кейін қабылданатынын айтты.

Алайда бұл мәселе бірден шешіле салмайды. АҚШ Конгресінде Түркияға F-35 сатуға қарсы пікір әлі де күшті. Себебі америкалық заңнама бойынша Анкара S-400 жүйесінен толық бас тартпайынша, F-35 бағдарламасына қайта қосылуы қиын.

Бұл жаңалық Түркия үшін маңызды. Егер санкциялар алынып, F-35 келісімі қайта жанданса, Анкараның қорғаныс саласындағы мүмкіндігі күшейеді. Ал АҚШ үшін бұл НАТО ішіндегі Түркиямен байланысты қайта реттеудің бір жолы болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: АҚШ Иранға соққы жасап, тағы да санкция салды.

Сондай-ақ оқыңыз