
Бавариядағы гимназияға жасалған шабуылдан кейін бірнеше адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BILD.
Шабуыл Шонгаудағы Welfen-Gymnasium гимназиясында болған. Төрт адамның ауыр жарақат алғаны белгілі, бірақ зардап шеккендердің нақты саны әлі де нақтылануда.
Үрейлі дабыл мектептегі сабақ уақытында түскен. Оқиға орнына 15-тен астам полиция патрулі келді. Күдікті шабуылшы ұсталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға мектеп аумағында да, оның жанында да болған. Іздеу жұмыстары кезінде полиция тікұшақты жұмылдырды.
Шонгау – Мюнхеннің оңтүстік-батысында, Лех өзенінің бойында орналасқан, халқының саны шамамен 12 мың адамды құрайтын шағын қала.
JUST IN – School stabbing at Das Welfen-Gymnasium in Schongau, Bavaria, Germany. Multiple people stabbed, suspect in custody. pic.twitter.com/UnNKL36v1W
— Confidential Post (@C_Post_News) July 8, 2026
Айта кетейік, осыған дейін Түркияда мектепте атыс болып, тоғыз адам қаза тапқанын жазған едік. Алдын-ала мәлімет бойынша, сегізінші сынып оқушысы полиция қызметкері болып істейтін әкесінің тапаншасымен мектепке келіп, атыс шығарған.