
HMD Global компаниясының ресми сайтында аңызға айналған Nokia телефондарының жаңа моделі жарияланды. Бұл гаджеттердің басты ерекшелігі – классикалық дизайнға ие болғанына қарамастан, заманауи жасанды интеллект (AI) құралдары мен видеоқоңырау шалу мүмкіндіктері бар.
Жаңа үлгілер желісі
Компания бірден төрт жаңа модельді таныстырды. Олар:
- Nokia 200 4G
- Nokia 210 4G
- Nokia 215 4G 2nd Edition
- Nokia 235 4G 2nd Edition
Сыртқы пішіні 90-шы жылдар мен 2000-шы жылдардың басындағы дәстүрлі телефондарды еске түсіргенімен, олардың ішкі функционалы заман талабына сай жасалған.
«AI» батырмасы
Экранның астында арнайы үлкен «AI» пернесі орналасқан. Оның көмегімен қолданушы дауыс арқылы фонарикті қоса алады, камераны қосып, басқа да базалық функцияларды басқара алады. Сондай-ақ, бұл батырманы басып, чат-ботқа сұрақ қоюға болады, ал жауабы бірден экранға шығады.
Жаңа Nokia телефондарының сатылымға шығатын мерзімі мен ресми бағасы әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, 2016 жылға дейін Nokia бренді Microsoft корпорациясына тиесілі болған. Компания 2010 жылы бәсекелестеріне ілесу үшін брендті жандандыруға тырысқан. Алайда смартфондар бәсекеге қабілетті болмай бренд 2025 жылы HMD компаниясына сатылды.