Чемпиондар лигасы: «Семей» «Барселонамен» ойнайды

Жарияланды 9 Шілде 2026 11:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Футзалдан Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының негізгі кезеңіне жеребе тартылды. Қазақстандық қос клуб ел чемпионы «Семей» мен алматылық «Қайрат» өз қарсыластарын анықтады.

Биылғы маусымда қос ұжым да жарысты «А жолы» бағыты бойынша бастайды. Жеребе қорытындысы бойынша командалар төрт-төрттен төрт топқа бөлінді.

«Семей» тобында – Испания алпауыты

Ел біріншілігінің алтынын алған «Семей» 1-топқа жайғасты. Шығысқазақстандық клубтың басты қарсыласы әлемге әйгілі испаниялық «Барселона» болмақ. Сонымен қатар бұл топта Словакияның «Лученец» және Швейцарияның «Минерва» командалары бар.

1-топтың матчтары Словакияда өтеді. «Семей» плей-офф жолдамасын сырт алаңда сарапқа салады.

«Қайрат» Бельгияда бақ сынайды

Алматылық «Қайрат» 2-топқа түсті. Бұл жерде басты қарсылас Бельгияның «Спортинг Андерлехт» клубы. Сондай-ақ топта Румынияның «Юнайтед Галац» және Латвияның «Бейтар» командалары өнер көрсетеді.

2-топтың ойындары Бельгияда, «Спортинг-Андерлехттің» спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Негізгі кезеңнің матчтары биыл 27 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді.

Әр топтан үздік шыққан үш команда бірден 1/8 финалға (элиталық кезеңге) жолдама алады.

Бұған дейін «Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады.

Сондай-ақ оқыңыз