Lifestyle

Джеки Чан «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне кірісті (фото)

Түсірілім жұмыстары басталды/фото:Instagram/ salem_jackiechan

Актер Джеки Чан Маңғыстауда «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің негізгі түсірілімін бастады. Бұл туралы Salem Entertainment хабарлады.

«Бүгін киноның дәстүрлі рәсімі – кинотарелканы сындырып, «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімін ресми түрде бастадық. Бұл құрметті рәсімді жоба режиссері Роберт Кун мен фильмнің басты актері Джеки Чан орындады. Алда түсірілім алаңынан үлкен экранға дейін жалғасатын ерекше кино сапары күтіп тұр», – делінген ақпаратта.

«Доспехи Бога: Ультиматум» картинасының басты түсірілім орындарының бірі –Бозжыра шатқалы. 

Бұған дейін актер Алматыдағы Оқушылар сарайына арнайы ат басын бұрып, жасөспірімдермен және мектеп оқушыларымен кездескен еді.