Спорт

Трамп қызыл қағазға қатысты FIFA-ның даулы шешіміне пікір білдірді

Иран
Фото: facebook.com/WhiteHouse

АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиномен бірге АҚШ құрамасының шабуылшысы Фалорин Балогунаға берілген қызыл қағаздың күшін жоюға қатысты пікір білдірді.

Фалорин Балогунның әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде қағаз алған болатын. Артынша Дональд Трамптың АҚШ құрамасы ойыншысын Бельгияға қарсы аса маңызды матчқа қатыстыру үшін Джанни Инфантиномен жеке байланысқа шыққаны айтылды. 

Нәтижесінде ФИФА Балогунның қызыл қағазын жою туралы шешім қабылдаған. 

«Әлем чемпионатындағы ең ұмытылмас сәт – (Балогунға – ред.) қызыл қағаз көрсетілген кез. Мен Джанниге қоңырау шалып, тек өз кеңесімді айтуға мәжбүр болдым. Мен оған: «Оны міндетті түрде алаңға қайтар» деген жоқпын. Тек шағымымды жеткіздім, әрі қарай не болатынын білмедім. Бірақ бәрі сәтті аяқталды, өйткені ешқандай келіспеушілік болған жоқ», – деді Трамп Fox News эфирінде.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты өз мәресіне жақындап қалды. Жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Англия мен Франция құрамалары бұл жолы турнирдің қола медалін өзара сарапқа салады.

Үшінші орын үшін ойын Қазақстан уақытымен 19 шілдеге қараған түні, сағат 02:00-де басталады