Мұнай бағасы күрт өсті: Brent 90 доллардан асты

Жарияланды 20 Шілде 2026 09:17

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Мұнай бағасы 90 доллардан асты / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Әлемдік мұнай нарығында баға қайтадан жоғарылады. 20 шілдедегі саудада Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90 доллардан асып, соңғы бір айдан астам уақыттағы ең жоғары деңгейіне жетті. Нарықты тағы да Таяу Шығыстағы жағдай шайқап отыр.

Астана уақытымен таңғы саудада Brent бағасы 2,37%-ға өсіп, барреліне 90,19 доллар болды. Сауда барысында баға 90,97 долларға дейін көтерілді. АҚШ-тың WTI мұнайы 2,07%-ға қымбаттап, 84,20 долларға жетті. Өткен аптаның өзінде Brent 15,9%, ал WTI 15,5% өскен. Бұл екі мұнай маркасы үшін соңғы бірнеше айдағы ең ірі апталық өсімдердің бірі.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Нарық Ормұз бұғазына қарап отыр

Мұнай бағасының күрт қымбаттауына АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы себеп болды. АҚШ Иран аумағына қатарынан тоғызыншы түн соққы жасағанын мәлімдеді. Ал Кувейт пен Бахрейн Иран тарапынан жаңа шабуылдар болғанын хабарлады.

Демалыс күні бұғаз арқылы небәрі төрт кеме өткен. Бір күн бұрын олардың саны сегіз болған. Бұл мұнай тасымалының айтарлықтай баяулағанын көрсетеді. Иран тарапы екі танкердің жарылып, қозғалыссыз қалғанын мәлімдеді, алайда Reuters бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алмаған.

Сондай-ақ оқыңыз