Тарихи алтын: қазақстандық семсерлесушілер топ жарды

Жарияланды 29 Шілде 2026 19:40

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Сборная Казахстана по шпаге в Гонконге. Слева направо: Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Курбанов и Ертай Серлик
Тарихи алтын: қазақстандық семсерлесушілер топ жарды / Фото: Федерация

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын еншіледі.

Гонконгта өткен жарыстың финалында команда Украина семсерлесушілерімен бақ сынасты. Матч 45:40 есебімен қазақстандық спортшылардың пайдасына аяқталды. Еліміздің намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.

Чемпионат барысында қазақстандықтар Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36) және Мысыр (41:32) құрамаларын жеңді.

Бұған дейін команданың әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі 2025 жылы Грузияда жеңіп алған қола жүлдесі болатын.

Сондай-ақ оқыңыз