Цемент бір айда 5,3% қымбаттады: тоннасы қанша тұрады

Жарияланды 5 Тамыз 2026 16:29

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
цемент қымбаттап барады / фото: Kursiv Media

Қазақстанда құрылыстағы жалпы баға шілдеде 0,5%-ға төмендегенімен, цемент керісінше бір айда 5,3%-ға қымбаттады. Статистика бюросының мәліметінше 2025 жылғы желтоқсаннан бері баға 15,4%-ға, ал бір жылда 13,4%-ға өскен.

2026 жылғы шілдеде цементтің республика бойынша орташа бағасы маркасына қарай тоннасына 43,4 мыңнан 55,8 мың теңгеге дейін жетті. Ең арзан көрсеткіш ЦЕМ I 32,5 Н маркасында – 43 421 теңге. Ең қымбаты сульфатқа төзімді ЦЕМ II 42,5: тоннасы 55 767 теңге. Кең таралған М400 цементінің орташа бағасы 50 904 теңгені құрады.

Цементтің маркалар бойынша бағасы

Республика бойынша орташа сатып алу бағасы, 2026 жылғы шілде

Сульфатқа төзімді ЦЕМ II 42,5 55 767 ₸
ЦЕМ I 42,5 Н 51 394 ₸
М400 портландцементі 50 904 ₸
Сульфатқа төзімді ЦЕМ I 42,5 Н 50 265 ₸
ЦЕМ II 32,5 48 693 ₸
ЦЕМ II 42,5 48 270 ₸
ЦЕМ I 32,5 Н 43 421 ₸

Бір тонна үшін. Бағаға ҚҚС және жеткізу шығындары кіреді.
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Өңірлерде баға бұдан да жоғары. Мысалы, ЦЕМ I 42,5 Н маркасы Ақтөбе облысында 64 043 теңгеге, ал ЦЕМ II 42,5 Қостанай облысында 60 827 теңгеге жеткен. Көрсетілген сомаға ҚҚС пен жеткізу шығындары кіреді және бұл бөлшек саудадағы емес, құрылыс ұйымдарының сатып алу бағасы.

Сондай-ақ оқыңыз